prosdo.ru
добавить свой файл
1
Баспасөз хабарламасы


Іс-шара: «Қазақ халқының көне қолөнер көрмесі»

Ашылу салтанаты: 28-наурыз 2012ж., 12:00-де

Өтетін орны: Астана қ., «Алтын және бағалы металдар

мемлекеттік мұражайы» РММ, Күміс залы

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет комитеті

«Алтын және бағалы металдар мемлекеттік

мұражайы» РММ

«Назарбаев орталығы» ММ


«Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы» танымал коллекционер-этнограф, зергерлік өнерінің хас шебері – суретші Е. Даубаев жинағының «Қазақ халқының көне қолөнер көрмесі» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесін ұйымдастырып отыр.

Мұражай көрермендері назарына қазақ халқының XVIII-XX ғасырлардағы зергерлік бұйымдары, бас киімдеры, ер-тұрман, қару-жарақ және тұрмыстық бұйымдары ұсынылады. Зергерлік және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының қай-қайсысы болмасын қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты бола отырып, қайнар бұлағы мыңжылдықтардан бастау алатын ұлттық мәдениетіміздің даму жолының айнасы іспеттес.

Халқымыздың ұлттық әшекейлері – зергерлік өнер шеберлерінің баға жетпес үздік туындылары болып табылады: оларды әсемдік үшін ғана емес, тылсым күштерден қорғану үшін де тағынатын. Әшекей бұйымдардың пішіні мен ою-өрнегі ғана емес, сонымен қатар материалы да айрықша мән-мағынаға ие. Материалдар мен оны көмкеруші тастарды таңдағанда олардың табиғи әсемдігімен қатар емдік қасиеттеріне баса назар аударылған.

Бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала отырып бізге жеткен бай мәдени мұрасы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен жүзеге асырылып отырған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында зерттеліп, қайта жаңғыртылуда.

«Қазақ халқының көне қолөнер көрмесі» сәндік-қолданбалы өнер көрмесі 28-наурыз бен 5-мамыр аралығында жұмыс істейді.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 443-266, 442-799.